ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының өзекті мәселелері

Ү.ж. 11 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасының доценті М.Тулебаева ҚАЗГЗУ Гуманитарлық заң колледжі студенттеріне «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында М.Тулебаева зайырлылық қағидаттары, зайырлы мемлекеттерді жіктеу критерийлері, Қазақстандағы діни қатынастарды реттейтін заң нормалары туралы, соның ішінде, ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы мәліметтер ұсынды.