Орталықта әйел жамағатына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

2020 жылдың 13 ақпан күні сағат 14.30-да Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «4 апта - 4 қадам» кешенді жобасының «Руханият» аптасына сәйкес, Орталықта әйел жамағатына арналған  «Әйел - отбасының ұйытқысы»  атты іс-шара ұйымдастырылды.

Әйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Отбасы - адамның өз бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрі ислам діні бойынша күнә деп саналатын жаман әрекеттерден қорғайтын бірден-бір қорған екені айтылды.

Аталған іс-шара қонақтары: ҚМДБ қыздар секторы, теолог Ақбөпе Тілегенова, Нұр-Сұлтан қаласы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер ұстазы, «Инабат» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Нұрғалиева Динара, Нұр-Сұлтан қаласы «Райса ана» мешітінің әйелдер ұстазы Төлеу Бақыт және  Нұр-Сұлтан қаласының әйел жамағаты болды. Орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларға белсенділік танытқан қыз-келіншектер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастырылған іс-шара соңында күн тәртібінде қарастырылған тақырыптар қорытындыланды. Сонымен бірге, әйел жамағатымен арнайы кофе-брейк басына жиналып, жалпы фото жасалынды.