НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-не ҚАРАСТЫ ЕЦ-166/5 МЕКЕМЕСІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД- не қарасты ЕЦ-166/5 мекемесінде сотталғандармен мобильдік топ мүшелерімен жалпы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде орталық директор орынбасары Ж.Сулейменов пен теолог маманы М.Смагулов "Шариғаттың мақсаты" атты тақырыбында дәрістерін жүргізді. Кездесуде жазасын өтеушілерден 30 адам қатысты.

Аталған ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру мақсатында орталық дінтанушысы О.Синяков "Религиозная ситуация в Казахстане" тақырыбында семинарын өткізді. Семинарға 15 қызметкер қатысты.

Сонымен қатар, мекемедегі кітапханадағы әдебиеттерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жазасын өтеушілер арасында жеке кездесулер ұйымдастырылды.