Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығында Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірлескен жобасы шеңберінде кездесу өтті

А.ж. 4 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығында Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде Чикаго университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесу өтті.

Кездесу барысында профессор Уэйн АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантын іске асыру шеңберінде оңалту саласындағы мамандармен семинарлар, вебинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ ұрыс қимылдары аймағынан оралған әйелдер мен балалармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында орталық директорының орынбасары Ж. Сүлейменов «Жусан» операциясы аясында оралған жамағатпен жүргізіліп жатқан оңалту жұмысы жайында толық айтып өтті.

Қос тарап қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды қалыпты ортаға бейімдеу бойынша мәселелер қозғады.