Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығында «Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде» тақырыбында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 2 тамызында, Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығында «Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде» тақырыбында кездесу өтті.



Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы мен Ақпараттық ағарту штабының мүшесі Нуғыманов Еркебұлан Еркінұлы қатысты.