Нұр-Сұлтан қаласы әйел жамағатының діни білімін жетілдіруге арналған «Толибуль-ильм» семинары өткізілді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен елордадағы әйел жамағатының діни білімін жетілдіру бағытындағы «Толибуль-ильм» атты семинар өтті.

Іс-шара барысында құттықтау сөзімен Орталықтың директор орынбасары Жандаулет Сүлейменов семинарды ашты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, заң ғ.к. Индира Сақтағанова «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру» атты тақырыпта семинарды жалғастырды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD докторы Айгерім Оспанова «Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту», ҚМДБ әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, теолог Ақбөпе Тілегенова «Әдебің-әдемілігің» атты тақырыптарда дәріс өткізді.

Сонымен қатар деструктивті діни бағыттағы идеологиялардан сақтандыру бойынша танымдық-ақпараттық таратпа материалдар үлестірілді.