Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қайырымдылық акциясына атсалысты

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері «Bizbirgemiz» қайырымдылық акциясына қатысты. Қайырымдылық акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Орталық қызметкерлері аталған отбасыларға тиісті мөлшердегі азық-түлік қорын, қажетті медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдар таратты.
Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы да еліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты бүкіл ел болып жұмыла қолға алып жатқан «Bizbirgemiz» қайырымдылық акциясынан тыс қалған жоқ.