Нұр-Сұлтанда Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 1 қазаны Діндерді зерттеу орталығы Евангелиелық сенім христиандар одағымен бірлесіп, қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«Қарттар күні қарсаңызда қайырымдылық акциясын өткізіп жатырмыз. 120 азық -түлік пакетін дайындап, мұқтаж адамдарға жеткіземіз», - деді Қазақстандық Евангелиялық сенім христиандары одағы басшысының орынбасары Игорь Цай.

Өз кезегінде «Агапе» Евангелиялық христиан шіркеуінің басшысы Мария Николаевна: «Менің ойымша, бұл біз үшін өте жақсы бастама, мұқтаж жандарға көмектесудің тамаша мүмкіндігі деп ойлаймын. Қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет»,- деді.

Акция аясында 120 азық -түлік боксы мұқтаж отбасыларға таратылды. Жақсылық жасап жарысайық!