«Олар жеңбейді. Біз әрекет етеміз». Пайғамбар карикатурасы, мұғалімнің өлімі жайлы сарапшымен сұхбат

Автор: А.Антипин,

 А.Қалиева

16 қазан күні Париж қаласының маңында 18 жастағы мигрант сабақ кезінде оқушыларға Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатураны көрсеткен тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патиді пышақтап өлтіріп, басын кесіп алған.

Франциядағы мұсылман өкілдері аталған оқиғаны айыптап, мұндай жағдайды ислам дінімен байланыстырмауға шақырды. Осыған қарамастан, бірқатар әлемдік БАҚ-та аталған жағдайға «мұсылман терроризмі» деп баға берілуде.

 «ФРАНЦИЯДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ САҚТАЛАДЫ ДЕУ ҚИЫН...»

- Қалай ойлайсыз, Францияда болған трагедиялық жағдайға кім кінәлі? Франция оқу жүйесі аясында өзіне жүктелген міндетті орындаған Пати ұстаз ба, әлде, діни анклавтар ма?

- Аталған мәселеде белгілі бір тарапты кінәлі деу қиын. БАҚ-та жазылған мәліметтер бойынша, Пати Құдайға сенетін мұсылмандардың сенімін қорламау үшін дәріс залынан шығуын өтінген. Бірақ сабақтан кейін оқушылардың діни сеніммен өмір сүретін басқа сыныптастарын мазақ етпейтініне кім кедергі бола алады? Тіпті Франция президенттерінің өзі Шарли Эбдоның шығармашылығына сыни көзқарастан бастап, қолдауға дейін барды. Бізге белгілі ақпаратқа сүйенсек, Анзоров осы уақытқа дейін бірде-бір антиэкстремистік ұйымдардың қатарында болмаған. Діни ұйымдардың өзі марқұмның өліміне көңіл айтып, Абдуллахтың әрекетіне аң-таң болды. Білетініміздей, бұдан бұрын осындай оқиға Шарль Эбдоның редакциясында болған, ол кезде басқа адам редакция маңынан өтіп бара жатқан азаматтарға шабуылдаған. Мұнда кісі өлтіруші деп танылған күдіктінің жеке мотивтері мен ерекшеліктерін, психикалық дамуын қарастырған жөн.

- Францияда мұсылман мигранттар шоғыры көп екенін ескерсек, осыдан кейін елде азаматтық соғыс болуы мүмкін бе?

- Бұған байланысты қандай да бір болжам айта алмаймын, себебі, осыған дейін мессенджерлер мен БАҚ-та полиция мен мигранттар арасындағы қақтығыс туралы хабарламалар тараған еді. Меніңше, оқиға контекстінде Макронның провакациялы сипатқа ие пікірі ерекше назар аударуға лайық. Франция президенті «Олар жеңбейді...Біз әрекет етеміз. Жедел және бекем. Сіздер менің батылдығыма сенім арта аласыздар» деді. Бұл пікірден кейін елде болатын «күшейту шараларын» есепке алсақ, Франция қоғамында тұрақтылық сақталады деп айту қиын.

- Осыдан екі жыл бұрын Шарли Эбдоның редакциясы пайғамбар карикатурасы үшін шабуылға ұшырағанын ескерсек, сол оқиғадан соң Франция билігі неліктен мұндай іс-әрекеттің алдын алмады?

- Атап өткеніміздей, бұл жағдайда Абуллах Анзоров арнайы тіркеуде тұрмаған. Өз ортасында да ол туралы теріс пікір, оның атынан қозғалған қылмыстық іс мүлдем жоқ. Мұнда тек жас жігіт өзіндік радикализацияға ұшыраған. Салдарынан шабуылдаушы ұйымдасқан террорлық топ құрамына кірместен, интернет арқылы түрлі экстремистік және террористік материалдарды зерттейді, нәтижесінде алдын алуға мүмкін болмайтын шабуылдар жасайды. Көп жағдайда ол бір топ адамға шабуылдайтын жалға алынған көлік, біз талқылап отырған оқиғадағыдай ас үй құралы болады. Егер байланыс каналдары арқылы діни топтардың іс-әрекетінің алдын кесу мүмкін болса, онда мұндай «бөлме» радикалдарын анықтау қиынға соғады. Әсіресе, оның іс-әрекеті біз айтып отырған оқиғадағыдай ешқандай күмән тудырмайтын болса….

- Жалпы, бұл жағдайға теракт деп баға беруге бола ма?

- БАҚ-та бұған байланысты қарама-қарсы фактілер көп ұсынылды. Бір шетінен, бұл оқиғаны өлімге итермелеу мотиві мен Анзоровтың «Аллаху Акбар» деген айқайына сүйене отырып «Ислам террористерінің шабуылы» деп бағалаған Макронның пікірі тұрса, екінші жағынан  мұғалімін өлтірген жігіттің әлеуметтік желіге кесілген кісі басын салып, пайғамбарды мазақ еткені үшін алған жазасы туралы айтуы бар. Одан бөлек, Твиттердегі жазбасы дау тудырарлықтай, бірақ жазба эмоциялы сипатқа ие болғанымен, ол мемлекеттен ештеңе талап етпейді. Абдуллахтың қандай да бір террористік ұйыммен ресми байланысы бар екені анықталмады. Сол себепті, бұл оқиғаны ислам терроризміне жатқызбас бұрын, Макронның ислам тақырыбына қатысты позитивті емес пікірлері тұрғысынан қараған абзал. Қазір заманауи БАҚ-тардың көпшілігі білімсіздіктен немесе мақсатты түрде ислам мен терроризмді байланыстырады. Тіпті ИГИЛ деген атауды алсақ, өз айуандықтарын исламмен біріктіру мәні тұр. Бұған кереғар жағдай Қытайдағы қысымға ұшыраған мұсылмандарға қатысты материалдарда көрініс табады. Яғни, әлем назарын аудару үшін мұсылмандардың азапталып жатқанына басымдық жасалып, бірақ елдегі басқа діндердің жағдайы айтылмайды. Мұндай ақпараттық саясаттың исламфобиялық тенденциясын Еуропадан ғана емес, әлемнің басқа елдерінен де байқауға болады. Әсіресе, хиджап пен ниқаб төңірегінде дау көп. Мәселен, Канадада, тіпті, полиция әйелдерге хиджап киюге рұқсат етсе, Еуропаның кейбір елдерінде ниқаб киюге қатаң тыйым салынып, хиджабқа шектеу қойылған.

МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІ

- Мигранттардан құралған шағын топтардың дәстүрлі Франция қоғамына сіңіп кетуі қаншалықты мүмкін? Сондай-ақ Макронның осы оқиғаға қатысты батыл пікірін дәстүрлі көзқарасқа жатқыза аламыз ба? Себебі, оның сөздері біз білетін Франциядағы толеранттылыққа қайшы келетіндей....

- Сарапшылардың бағалауынша, Францияға келген мигранттар француз қоғамында толыққанды интеграциялана алмайды. Интеграциялану үшін мигранттар саны аз болуы тиіс. Осының салдарынан мигранттар өз мәдениеті шеңберінде ғана қалады. Дәстүрлі негіздерге келсек, артықшылық сезімін сыйлай білетін Францияның бүтін бай тарихын еске алуға болады. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыстан соң және одан кештеу кейбір француздарға оңшылдар (дәстүрлі идеологияны ұстанушылар) партиясының көп ықпалы болды. Қазір аталған блокты күшейту тенденциясы байқалып отыр. Ұлтшылдық көңіл-күйдің өсуімен бетпе-бет келген Макрон ештеңге қарамастан оларға қатысты сыни пікір білдірді. Жалпы алғанда, бүкіл Еуропада мигранттарға қатысты «оңшылдар» партиясы күшейіп жатыр. Кейбір зерттеулерде айтылғандай, «мұсылман миграциясын» тоқтатуға қатысты идеяны Түркия тарапы қолдап отыр. Бұл жағдай Шығыс Еуропада - Венгрия тәуелсіздігіне қауіп төнбес үшін мигранттарды қабылдаудан бас тартқанда анық білінді.

************************

Айта кетейік, Самюэль Патиді өлтірген Абдуллах Анзоров оқиға орнынан жасырынбақшы болғанда полиция оғынан көз жұмды. Қазір Анзоровтың жақындарының бәрі дерлік тергеуге алынды. Шешен ұлтының өкілі Францияға отбасымен бірге Ресейден 12 жасында көшіп барған. Абдуллах тарих пәні мұғалімін жеке танымаған. Оның сабақ үстінде мұсылмандардың намысына тиетін карикатураны көрсеткенін 13 жастағы мұсылман қыз Шнинадан естіген.