ПОСТ-РЕЛИЗ

Ү.ж. 22 тамызда Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы «4 апта – 4 қадам» жобасы аясында елорданың әйелдер жамағаты үшін 2020 жылғы 18 шілдеде бастау алған жәрмеңкенің жалғасы болып табылатын «Берекелі жәрмеңке» атты іс-шара ұйымдастырды.

«Астана» саябағында ұйымдастырылған жәрмеңкенің ашылу салтанатында Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Ж.У.Сүлейменов және психология ғылымдарының кандидаты А.С.Нұрадинов, дінтану PhD докторы Н.Е.Қайырбеков сөз сөйлеп, сауда-саттықта сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеде түрлі тауарлар ұсынылды, ойыншықтар, балалар киімі, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар (қымыз, кұрт т.б.). Жәрмеңке барысында қатысушылар ақпараттық таратпа материалдырын және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «iKomek-109» қауырт желісі туралы, соның ішінде Нұр-сұлтан қаласындағы барлық діни іс-шаралары мен  сұрақтарына жауап алатындығынан хабардар болды.

Жәрмеңке соңында Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Ж.Карашулаков іс-шараға қатысушыларға «Берекелі жәрмеңке» жәрмеңкесіне қатысқандығы туралы сертификаттар табыс етті.

 

Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы