ПРЕСС-РЕЛИЗ

       Ү.ж. 24 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі К. Тышхан сауда- экономика колледжінің студенттеріне «Зайырлы қоғам» тақырыбында дәріс оқыды.

       Дәріс барысында К. Тышхан мемлекеттің зайырлы қағидаттары және ел азаматтарының осы қағидаларды ұстануы туралы айтты. Діни киім кию, діни экстремизм мен терроризм көріністері сияқты мәселелерге нақты түсінік берді. Сондай- ақ , Сириядағы соғыс аймақтарындағы отандастар туралы айтып өтті.