Пресс-релиз

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында "Нұр Отан" партиясының жанындағы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметов Технология колледжі студенттеріне "Зайырлы мемлекеттік қоғам"тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында Ш.Ш. Қожахметов жастарды дамыту және ынталандыру, сонымен қатар оларды өз-өзіне сенуге және бойларында жақсы қасиеттерді дамытуға үйрету қажеттігін атап өтті. Студенттерге өз елінің патриоты болуға, халқының мәдениетін бағалауға және құрметтеуге баулыды.