ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ү.ж. 24-29 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы бағытында 24 іс-шара өткізу жоспарланған. Дінтанушылар, теологтар, психологтар және өзге де білікті мамандардың қатысуымен мақсатты топтар арасында діни экстремизмнің алдын-алу және халықтың антитеррористік санасын қалыптастыру бағытындағы кездесулер мен дәрістер өткізіледі.

Іс-шаралар барысында мемлекеттің дін саласындағы саясаты түсіндіріліп, азаматтардың діни білімін көтеруге бағытталған ақпараттар ұсынылады.

Сонымен қатар, білікті мамандар теріс пиғылды діни ағымдардың тигізер зардаптары мен олардың арбауына түсіп қалудан сақтандыру жолдары туралы кеңінен түсіндіреді.

Ү.ж. 24 тамызында «Green Mall» сауда орталығында және «Тұлпар» СК-де 2 іс-шара өткізіледі.

Ү.ж. 25 тамызында «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығында 1 іс-шара өткізіледі.

Ү.ж. 27 тамызда Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық басқармасында 1 іс-шара өтеді.

Ү. ж. 28 тамызда «Тәй тәй тәй star» балабақшасында және 66.36 әскери бөлімінде 5 іс-шара ұйымдастырылады.

Ү.ж. 29 тамызда «Sensata Group», «AIBYN Construction Group», «Астана трансстрой», «Nur-Astana Kurylys» құрылыс компанияларында, сондай-ақ «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында 6 іс-шара ұйымдастырылады.

Іс-шаралар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арналған.