ПРЕСС РЕЛИЗ

А.ж. 27 қарашасы күні Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы елордалық әйел жамағатына «Жастар» театрында «Қарыз бен Қаспақ» комедиялық қойылымына көрермен ретінде қатысуларына өз үлестерін қосты.

Іс-шара ашылуында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы А.Нурадинов және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі И.Рыстина сөз сөйледі. Комедиялық қойылым әсерлі болып, қойылым соңында өзара қызу талқыланып, көңілдерінен шықты. Іс-шараға қатысушылар ақпараттық таратпа материалдарын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «iKOMEK-109» қауырт желісі туралы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық діни іс-шаралары мен сұрақтарына жауап алатындығынан хабардар болды. Іс-шара аясында барлығы 10 көрермен қамтылды.