Пресс-релиз

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында "Нұр Отан" партиясының жанындағы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметов кәсіби-техникалық колледжі студенттеріне "Зайырлы мемлекеттік қоғам"тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында Ш.Ш. Қожахметов жастарды дамыту және ынталандыру, сонымен қатар оларды өз-өзіне сенуге және бойларында жақсы қасиеттерді дамытуға үйрету қажеттігін атап өтті. Студенттерге өз елінің патриоты болуға, халқының мәдениетін бағалауға және құрметтеуге баулыды.