ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ү.ж. 20 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру, оңалту және бейімдеу бөлімінің басшысы Е.Жексенов С. Сейфуллин атындағы ұлттық агротехникалық университеті студенттеріне «Діни қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған заңнамалар және заңнама талаптары», «дінмен тоғысқан ұлттық құндылықтар» тақырыптарында дәріс оқыды.

Ақпараттық түсіндіру жұмысына қатысқан Орталықтың теологы М.Смагулов ислам дінінің орта Азияға таралу тарихын және Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі ханафи бағытындағы ислам дінінің маңыздылығы туралы тақырыптарды ашып айтты. Сонымен бірге, теріс діни ағымдар және олардың басты белгілері туралы тыңдаушыларға толық ақпарат берді.