ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев пен Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығына келді

Дін істері басқарма басшысы Нұрдаулет Әлмұханов елорданың діни ахуалы туралы баяндап, пандемияға байланысты енгізілген өзгерістер туралы айтып өтті. Орталықтың директоры Мади Тайпин вице-министрге жұмыс барысын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Вице-министр діни бірлестік өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатудың және оларға әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыруға көмек көрсетудің маңыздылығын ескеру керектігін атап өтті. Осының барлығы елдегі конфессияаралық келісімді сақтауға және нығайтуға әсер ететіні сөзсіз.

Орталық қызметкерлері Серік Рахметоллаұлына дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.