РАМАЗАН-2022: Игі істер жалғасуда

А.ж. 8 сәуір күні Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға арналған 90-нан астам «Рамазан сыйы» бокстары үлестірілді.

Аталмыш іс-шара, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы, «Зекет» қайырымдылық қоры мен «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің қолдауымен, Елордалық Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Исатай Бердалиев, өз сөзінде Орталығымыздың жазасын өтеушілер арасында ауызашар өткізудегі мақсатын, оларға Рамазан айының қадір-қасиеті мен мол берекетін түсіндіре отырып, ұлттық құндылықтарымыз туралы ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті. Орталықтың теологтары тарапынан,түзеу мемекемелерінде жазасын өтеушілер арасында дәрістер ұйымдастырылып тұрады.

Алдағы уақытта, «Рамазан сыйы» бокстарын тарату науқаны өз жалғасын, басқа да түзеу мекемелерінде табатын болады.