РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуына орай азық-түлік тарату қайырымдылық акциясы өткізілді.

Іс-шараны "Байқоңыр" ауданының әкімдігі мен Дін істері жөніндегі басқарма Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп, демеушілердің қолдауымен ұйымдастырды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж отбасыларға жалпы 200 себет таратылды.

Ашылу салтанатына "Байқоңыр" ауданының әкімі - Е.А.Жаулыбаев, "Садуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы - Р.Байзақов, Дін істері жөніндегі басқарма басшысы - Н. И. Әлмұханов және Діндерді зерттеу орталығының директоры - М. Ш. Тайпин қатысты.

Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы барлық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, осындай іс-шаралар бір ай бойы тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.