РАТТ мүшелерімен кездесу жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарманың бастамасымен, ҚМДБ елорда өкілдігімен бірлесумен әйел жамағат арасында алдын алу жұмыстарына қатысты Республикалық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерiн тарту бойынша кезекті іс-шараны ұйымдастырды.



Аталған іс-шара мақсаты: азаматтық бірегейлікті, ұлттық сана-сезiмді қалыптастыру, қазақстандық қоғамнын құндылықтарына шақыру және деструктивті діни ақпараттардан сақтандыру болып табылады.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұйымдастырылған іс-шарада РАТТ мүшелерінен құралған мамандар арнайы шақырылған болатын. ҚМДБ әйелдер секторының меңгерушісі Нұрғалиева Динара «Дін ғылымы және әйел» тақырыбында және Діндерді зерттеу орталығының маманы Қожахметова Талшын «Зайырлы қоғамдағы діндар әйел» тақырыбында әйелдер жамағатына дәрістер оқыды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, РАТТ мүшелері тарапынан қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Кездесуде 60 тыңдаушы қамтылды. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар Орталық тарапынан тағы да ұйымдастырылатын болады.