РАТТ мүшесі жамағатпен кездесті

ҚМДБ елорда өкілдігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Садуақас қажы Ғылмани» мешіті мен «Ырыскелді қажы» мешіті жамағаты арасында кездесу өткізілді. Аталған мешіттерде РАТТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Ислам қаржысы жөніндегі сарапшысы, исламтанушы-ғалым Мақсатбек Қайырғалиев жамағатқа насихат айтты. Кездесудің басты тақырыбы Құран аяттарынан дәлелдер келтіре отырып, ауызбіршілікті сақтау, бұзғыншылыққа бармау, дінаралық қарым қатынастарды бұзбау және адасқан топтардан және олардың теріс идеологиясынан сақтану туралы ақпараттарымен бөлісті. Кездесуде жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Жалпы екі іс-шараға 150-ден астам жамағат қатынасты.

Кездесуге мұрындық болған Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» алдағы уақытта да Республикалық ақпараттық-түсiндiру тобының мүшелерiн мақсатты топтарға бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлауда.