Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы елорда тұрғындарымен кездесті

2021 жылғы 14-15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары астаналық Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп, халықтың дінтану сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – Л.Шакимова., Б.Шариязданов., К.Тышхан., И.Бердалиев тартылды. Сондай-ақ өкізілген жұмысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі С.Қизатов қатысты.

РАТТ мүшелері Нұр – Сұлтан қаласының «Астана» (Артем), «Әлем» сауда үйлерінің және «Эталон», «Көк базар», «Big Shanhai» базарларының ұжымдарымен кездесті. Сондай - ақ, 3656 - ӘБ, 29999 - ӘБ, 66.36 әскери бөлімдерінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесулер 300-ге жуық адамды қамтып, карантиндік талаптарға сай өткізілді.

Сондай-ақ РАТТ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу нәтижесінде елорданың АТТ мүшелері халық арасындағы әртүрлі топтарға дәрістер мен семинарлар өткізудің әдістемесі мен тәжірибесі бойынша ақпараттар алды.

Тұрғындармен жүздесу барысында Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Бұл жобаның мақсаты діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау болып табылады.

Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.