РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті кездесулерді ұйымдастырылды

Діндерді зерттеу орталығының мамандары бекітілген жоспарға сәйкес Астана қаласы ҚАЖД қарасты Аршалы ауданында орналасқан РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті кездесулерді ұйымдастырды.


Кездесу барысында Орталық психологы Ж. Садыкова ҚАЖ Департаментінің психолог мамандарымен бірлесіп сотталушылармен психологиялық күйін бағалау бойынша төмендегідей бағыттарда жұмыстар жүргізді:

• тестілеу;
• әңгімелесу;
• консультация.
«Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Қабдысалым Рахымғазы «Иман негіздері» тақырыбында дәріс оқыса, ал Орталықтың оңалту және бейімдеу бөлімінің теологтары Дінмұхаммәд Әбубәкірұлы және Қыстаубаев Мұратбек сотталушылармен жеке қабылдаулар өткізді.

Сотталушылардың бұған дейінгі өтінімі негізінде түзету мекемесіндегі кітапханаға еліміздегі соңғы жылдары жарық көрген діни мазмұндағы орыс және қазақ тіліндегі кітаптар берілді. Алдағы уақытта өзге де түзету мекемелеріне кітаптарды үлестіру ісі жалғасады.