Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен РММ №3 түзету мекемесінде сотталушыларға ораза ұстаушыларға ауызашар өткізілді.
Аталған ауызашар ҚМДБ Астана қаласының өкілдігінің қолдауымен өткен болатын. Ауызашарда 100 адамға арнап дастархан жайылды.
Іс-шара барысында Орталықтың теологы Тойғылы Дінмухаммәд "Мемлекет пен дін" тақырыбында түсіндіру жүргізсе, ал "AQ MESHIT" мешітінің наиб имамы Жақып Әбдірахманұлы "Оразаның қадір-қасиеті" тақырыбында түсіндірме жүргізді.