РММ №3 түзету мекемесінде қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру семинары өтті

10 қаңтар күні Дін істері басқармасының бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы Астана қаласы ҚАЖД қарасты РММ №3 түзету мекемесінде қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Сондай-ақ, сотталушылармен кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қызметкерлерге Орталық дінтаушысы О. Синяков «Разъяснение законодательства РК в сфере религии» тақырыбында және Орталықтың теологтары Арман Нұрахметұлы мен Дінмұхаммәд Әбубәкірұлы «Ханафи мәзһабының ұстанымы және деструктивті діни ағым» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріске жалпы 18 мекеме қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, сотталушылармен жалпы кездесу барысында Орталық теологы Арман Нұрахметұлы «Исламдағы сенім мәселесі»тақырыбында, дінтанушы О. Синяков «Казахстан – светское государство» тақырыбында дәріс өткізді. Сотталушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Кездесуге 35 сотталушы қатысты.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер жоспар бойынша жалғасын табатын болады.