Шығармашылық байқау өтті

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығында тұрақты байланыста болған әйел жамағаттарына арналған «Пайғамбарға (с.ғ.с.) сағыныш» атты шығармашылық байқауы болып өтті. Өткен байқау барысында қатысушылар өздеріне берілген уақыт ішінде Елшіге деген сағынышы мен сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсіріп, діни білімдері мен жазу шеберліктері бойынша сынға түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева қатысушыларға бүгінгі шараның маңызын айтып, шығармаға қойылар басты талаптарды түсіндіріп берді. Қойылған талапқа сәйкес қатысушылар өз ойларын көркем түрде жеткізіп, әділ-қазылар алқасының көңілен шықты.

Байқау соңында үздік деп танылған шығармаларға жүлделі орындар мен дипломдар беріліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барша қатысушыларға да ұйымдастырушылар атынан ынталы сыйлықтар тарту етілді