Тұлғаның деструктивті діни ұйымға кіруіне әсер етуші негізгі факторлары (психологиялық тәжірибе)

Қазіргі таңда деструктивті діни ағымдардың таралуы дүниежүзінде ортақ өзекті мәселеге айналды. Әлем бойынша соңғы он жылдықта деструктивті діни ағымды ұстанушы адамдардың саны артуда. Ол тек діни - психологиялық мәселе емес, әлеуметтік және саяси мәселелерге айналғаны белгілі. Деструктивті діни ағымдар, оладың іс-әрекеті, қоғамға және оның тұлғаға тікелей әсерін зерттеушілер әлі зерттеп келуде. Әсіресе, деструктивті діни ұйымның өкілдерінің тұлғалық ерекшеліктері мен олардың діни ұйымға кіруге әсер етуші психологиялық себептерін зерттеу қазіргі таңға дейін жеткіліксіз деңгейде. Кез-келген деструктивті діни ұйымның өкілдерін оңалту, бейімдеу және профилактикалық жұмыстарын жүргізерден бұрын, олардың тұлғалық факторларының негіздерін зерттеу маңызды. Онсыз кез-келген оңалту, оларды әлеуметтік қоғамға қайта бейімдеу жұмыстары тиімсіз болып табылады.

Ф. Макховек, М. Сингер және С. Эш діни манипуляциялық арбауға әкеліп соғатын тұлғаның мынадай осал тұстарын мысал келтіреді: зардап шегуге бейімділігі жоғары, мәдени түңілу, діни сауаттылығы мен құндылықтарының шынайы жүйесінің әлсіздігі мен жоқтығы, тұлғаның тәуелділікке бейімділігі жоғары, оның барлығы тұлғаның өзінің ішкі жағдайын бақылау мен басқара алмайтындығы айқын көрінеді, адекватты өзін-өзі бақылай алмайды (мысалы, қатты ұялшақтық), төзімділік деңгейі төмен, транс жағдайында өте сезімтал келеді.

Р. Энроттың пікірі бойынша, тұлғаның деструктивті діни ағымға кіріп кетуінің негізгі факторлары болып, біріншіден, дисфункционалды отбасыдан шыққан адамдар, ол ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынас пен мейірімділігінің жетіспеушілігінен туындайды, нәтижесінде ондай отбасыдан шыққан балалар махаббат пен қолдауға қажеттіліктері жетіспейді. Екіншіден, рухани қажеттіліктің жетіспеушілігі, рухани тұрғыдан шындық ақиқатты іздейтін адамдарды деструктивті діни ағымның өкілдері өздеріне тарта бастайды.

А.В. Котляровтың пікіріне сүйенетін болсақ, деструктивті діни ағым өкілдері біріншіден, атақ-даңққа, билікке қызығатын тұлғаларды өзіне тарта бастайды. Оның айтуынша, әсіресе осындай типтегі тұлғалар деструктивті діни ағымның әсеріне ұшырауға бейім келеді. Билік құмар, атақ, мансап құмар тұлғалар осы иерархиялық топтан өз амбициясына жетеді деп көрсетеді. Егер, олар сол діни ұйымнан өзін-өзі өзектіндіре алмаса, яғни билікке қол жеткізе алмайтын болса, олар өздері ақ сол діни ұйымды тастап кетеді. А.В. Котляровтың пікіріне сәйкес, төмендегідей мінез-құлық ерекшеліктеріндегі тұлғалар деструктивті діни ағымның әсеріне ұшырауға бейім келеді.

1. Жоғары мазасыз және күмәншіл адамдар. Мұндай адамдардың өмірі қашанда күдік күмәнға, сенімсіздікке, әсерге толы болады. Олар өзінен көп мін іздейді, сонымен қатар, қоршаған ортада күлкілі немесе керексіз болып қалудан қорқады, сол адамдардан оны бағалауын күтеді, сыртқы ортаның пікіріне тәуелді болып келеді.

2. Перфекционизмге бейім тұлғалар. Өзін сыртқы ортаға шынайы құбылысын емес, идеал ретінде көрсетуге бейім тұлғалардың негізгі ерекшелігі осы адамдар деструктивті діни ағымның әсеріне тез ұшырайды деп Котляров айтып өтеді.

3. Өзінің ішкі әлеміне терең үңілген адамдар. Мұндай адамдар көбінесе, өзінің ерекше қызығушылықтарымен жүреді және ол белгілі-бір оккультизм мен мистицизмге жақын болуы мүмкін. Бұлар, басқа адамдармен қарым-қатынас барысында, қысым мен ыңғайсыздық сезіне бастайды.

4. Инфантильді адамдар. Бұл мінез-құлық ерекшелігі тек балалар мен жасөспірімдерге қатысты емес, ересек адамдардың бойынан да көптеп кездеседі. Нәтижесінде, олар социумда жоғары идеалды адамдар жоқ деп есептеп, шынайы өмірге жанаспайтын өзіндік иллюзияларын құрып, өмір сүре бастайды.

Ал, Е.В. Емельянованың пікірі бойынша деструктивті діни ағымның адептілерінің негізгі тұлғалық ерекшеліктері ретінде олар қарым-қатынаста ортақ тәуелділік бейім (склонных созавимые отношениям) болып табылады. Сонымен қатар, оның бақылауына сәйкес, деструктивті діни ұйымның адептілері төмендегідей ерекшеліктері бар:

1. «Мен» концепциясын толық құрылмаған, өзіндік «Мен» бейнесін дұрыс танымайды, саналай алмайды. Оның түпкі себебін айтып өтетін болсақ, олар кішкентай бала кезінде тұлға болып қалыптасу барысында оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқына сәйкес, теріс бағалар естіп өскен. Баланың кішкентай кезінде «Мен» концепциясының құрылуына жақын адамдары, отбасы мүшелері және олардың піклері тікелей әсер етеді. Егер, тұлға бала кезінен осы жақын адамдарынан дұрыс пікір есітімесе, өскен кезінде деструктивті діни ұйымның мүшелері осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің қармағына түсіреді.

2. Өмірде өзіндік құндылықтық бағдарлары, қызығушылықтары, мақсаты, қалауы жоқ адамдар.

3. Өзінің алдында күтіп тұрған өмірлік жауапкершіліктерден қорқу, нәтижесінде деструктивті діни ұйымның адепті болатын болса, сол ұйымның көшбасшысына бүкіл жауапкершіліктерін артып қояды, соған тікелей бағынышты болады.

4. Өзін мүсәпір сезінеді. Деструктивті діни ұйымның мұндай тұлғаларды өздеріне тарту себептері, бұл адамдар сол ұйымда өздерін керекті, маңызды адам ретінде сезінеді.

5. Өмірде қандай да бір жағдайдан көңілі қалған, сенімділік жоғалтқан адамдар. Себебі, өмірлік дағдарыста жүрген адамдар бағыт-бағдарсыз болады және ерік-жігерін уақытша басқара алмайды. Мұндай адамдарды арбау өте жеңіл болып келеді.

6. Өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге мүмкіндігі жоқ адамдар.

Жоғарыда айтылып өткен мәселені тереңірек түсіну, ұғыну үшін сол тұлғалардың сенім феноменімен байланысы бар психикалық негіздеріне үңілу қажет. 1987 жылы Лондон қаласында өткен Психоаналитиктер қоғамдастығының отырысында Антоний Сурожский былай айтады: «Сенімді феномен ретінде қарастыратын болсақ, ол тек Құдаймен немесе сол саламен байланысты» деп көрсетеді. Содан кейін, он шақты жыл өткеннен кейін, Б.С. Братусь айтады: «...сенім ол тек Құдаймен байланысты емес, бірақ ол кез-келген адамның психикалық өмірінің механикасы мен негізіне кіретін жалпы психологиялық феномен. Сенім – ол тұлға психикасының функционалды дәлелі болып табылады. Сенім белгілі-бір дәрежеде әрбір адам баласында болатын құбылыс. Б.С. Братусь тұлғаның сенімге деген қажеттілігін метафизикалық қажеттілік ретінде қарастырады. Мұндағы адамның бағыт-бағдары тікелей сенімнің өзіне бағытталмаған, бір мағынаны іздеуге бағытталған. В. Франклдың тұжырымдамасына сәйкес, адам белгілі-бір мағынаны іздеген сәтте ол ол істі жақсы көреді немесе өзі қызмет ететін Құдайды деп көрсетеді. Сондықтан Құдайды, Ақиқатты, Абсалютты іздеу адамдар үшін шынайы экзистенциалды қажеттелік болып келеді, сонымен қатар өзіндік Менінің шекарасынан шығуға оятатын, фрустрациялық жағдайдан арылтады деп айтып өтеді. Адамдардың жануарлардан айырмашылығы адамның инстинктері оған не керектігін айтып отырмайды, ал қазіргі күнмен салыстыратын болсақ, дәстүрлер оған не керектігін айтып отырмайды. Соның нәтижесінде кейбір адамдар осы өмірде өзіне не керектігін түсіне бермейді. Соңында адамдар, басқа адамдардың одан қалайтын немесе талап ететін нәрсесін жақсы көріп істеп кетеді. Сондықтан да діни қажеттілікті қажет ететін адамдарда деструктивті қанағаттануды қажет етеді, сиқыр, ырымға сенеді, оккультизм, астрология, нумерологияларға жүгінгісі келіп тұрады, нәтижесінде деструктивті діни ұйымдарға кіріп кетеді.

Осыған сәйкес, деструктивті діни ұйымдарға тәуелділіктің пайда болу негізі адамның сенімге және мағынаға ие болуға деген базалық қажеттіліктерінің фрустрациясы, адамның бойында діни сауаттылығының төмендігінен, нәтижесінде адамда діни сенімдегі девиация пайда болады. Әртүрлі деструктивті діни ағымдардың құрбаны болған адамдардың негізгі түпкі себептері осылар болып табылады.

Мырзакулова Гүлжан