Түсіністік меморандумы

2020 жылдың 30 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының "Әзірет Сұлтан" Республикалық мешітінде Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі арасында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын бірлесе және жүйелі жүргізу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум орнатылды.

Сонымен қатар, Тараптар Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Пірзадаев Арман Нұрғабылұлы мен Әзірет-Сұлтан мешітінің бас имамы, Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы Меморандум негізінде атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады.