Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астана қаласының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС және Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі арасында өзара іс-қимылды дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум негізінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында жастардың жат діни ағымдардың теріс идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын студенттер арасында өткізу жоспарлануда.

Тараптар осы меморандум бойынша қабылданған міндеттемелердің бірлескен жұмыстарын, жобалары мен бағдарламаларын орындауда бір-біріне барынша қолдау көрсетуге барын салады.