Зайырлы мемлекеттік қоғам

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында "Нұр Отан" партиясының жанындағы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметов "Тұран-Профи" колледжінің оқытушылары мен студенттеріне "Зайырлы мемлекеттік қоғам"тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында Ш.Ш. Қожахметов жастарды дамыту және ынталандыру, сонымен қатар оларды өз-өзіне сенуге және бойларында жақсы қасиеттерді дамытуға үйрету қажеттігін атап өтті. Студенттерге өз елінің патриоты болуға, халқының мәдениетін бағалауға және құрметтеуге баулыды.