«Төрт қадам – төрт таған» атты кешенді жобасы

Театр – жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді арттыру, әлеуметтік қоғамға бейімдеу, ұлттық құндылықтар мен ана тілін құрметтеуге дәріптеу, сонымен қатар эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы.

Осы мақсатта «Төрт қадам – төрт таған» атты кешенді жобасының аясында ағымдағы жылдың 12 - 13 ақпан күндері «Күн сәулесі түспеген» және «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымдарына студенттердің қатысулары ұйымдастырды.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Ж.Омарова 47б мекен-жайында орналасқан Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ;

«Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ;

«Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС;

«Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.