«Жастар экстремизмге қарсы» флэшмобы!

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының жанындағы Жастар еріктілер қозғалысы «Жастар экстремизмге қарсы» флэшмобын іске қосты!

Аталған қозғалыс жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, деструктивті идеологияның таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды. Бұл флэшмоб деструктивті діни идеологияға қарсы тұру үшін, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, оларды спортқа, еңбекке, өнерге, шығармашылыққа және волонтерлік қызметке баулуға бағытталған.