Қазақстандағы экстремизм мен терроризм көрінісінің ерекшеліктері  

Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Саясаттану»  кафедарсының доценті, саяси ғылымдар кандидаты

 

Қазақстандағы экстремизм мен терроризм көрінісінің ерекшеліктері  

Экстремизм - латын тілінен аударғанда шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұйымдастыру, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген мағынаны береді. Мемлекетімізде экстремизм мен оның түрлеріне анықтама «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында берілген.

Діни экстремизм 

Саяси экстремизм

Ұлттық экстремизм

дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

 

дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

 

нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмдi);

 

Қазақстанға экстремизм қаупін негізінен радикалистік исламдық идеологияны басшылыққа алған «ислам террористері» деген атты жамылған шын мәнінде нағыз ислам дініне қатысы жоқ топтар төндіруде. Жалпы терроризм - күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы  «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы.

Зерттеушілер Қазақстандағы терроризм құбылысының пайда болуын үш кезеңге бөледі:

 Бірінші кезең - 2000 жылдардың басындағы шет мемлекеттердегі қақтығыстарға қатысқан «қашқын террористердің» Қазақстан аумағына орнығу кезеңі.

Екінші кезең -  2006-2010 жылдар аралығындағы террористік ұйымға тарту, еліктіру кезеңі. Бұл кезеңде Қазақстан азаматтары шетелдік экстремистік ұйым мүшелерінің насихатына, ғаламтордағы түрлі материалдарға елігіп, кейіннен басқа шет елдердің аумағындағы қақтығыстарға, террористік әрекеттерге араласқан.

 Үшінші кезең -  бұл Қазақстан аумағында террористік әрекеттер жасауға ұмтылған жекелеген топтардың пайда бола бастаған кезеңі. 

Сарапшылар, Қазақстандағы экстермизм мен терроризмнің төмендегідей себептерін атап көрсетеді:

  • - әлеуметтік-экономикалық ортаның қолайсыздығы;
  • - діни білімнің жетіспеушілігі
  • - дін атын жамылған деструктивті күштердің іс-әрекеттері

Қазақстандағы экстермизм мен терроризмнің өзге мемлекеттермен салыстырғанда мынандай ерекшеліктері бар.

  1. Қылмыстық сипатта, ақша және басқа да материалдық игіліктер үшін қылмыс жасау;
  2. Террористердің нақты талаптарының болмауы;
  3. Террористердің құрамы жастар, қылмыстық топтағы жастар жалпы санының 60-65 пайызын құрайды;
  4. Террористердің көпшілігі жұмыссыз (78% - ға дейін);
  5. Терроризм бабымен сотталғандардың көбісі неофиттер, яғни Ислам туралы тек үзік білімдері ғана бар
  6. Террористердің демографиялық ерекшеліктері: олардың басым бөлігі ҚР-ның батыс бөлігінен шыққан;
  7. Көбісінің психологиялық мәселелері бар: ерте балалық шақта жақын адамнан айырылуы, толық емес отбасынан шығуы, зорлық - зомбылық көруі, бас сүйек-ми жарақатының салдары және т.б.;
  8. Қазақстан азаматтарының ТМД-ның шекаралас мемлекеттерінің аумағында да, алыс шет елдерде де террористік қызметке қатысуы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтері бойынша Қазақстан аумағында террористік сипаттағы 16 экстремистік зорлық акциялары жүзеге асырылған, ҚР 800 жуық азаматы сирия-ирак террористік белсенділік аумағына шығып кетіп, ол жақта ҚР 270 азаматы қаза тапқан. Бұл адамдардың 95% деструктивті діни ағым болып саналатын – жалған салафизмді ұстанушылар болған. ҚР азаматтарының белгілі бір бөлігі «еркін тайпалар аумағы» аталатын Ауған-Пәкістан шекарасында орналасқан.

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «шиеленіс нүктелерінен» өз еліне «қайтып келген содырлар» туралы жаңартылған мәліметтер бар. Бұл құжатта «2017 жылы халықаралық террористік ұйымдардың лагерьлерінен, сондай-ақ үшінші елдердегі тірек және транзиттік инфрақұрылымдарынан Қазақстанның 125 азаматы қайтарылды не болмаса өздері оралды, олардың 57-сі террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деген мәлімет бар.

Одан бөлек, соңғы төрт жыл ішінде террористік белсенділік аймағына 440 қазақстандық-рекруттардың (2014 жылы – 136, 2015 жылы – 151, 2016 жылы – 91, 2017 жылы – 62) баруына тыйым салынған.   

ҚР ҰҚК 2017 жылы қарашадағы  мәліметтері бойынша ИМ (ИЛИМ, ДАИШ те осылар) қатарында Сирия мен Иракта Қазақстанның 347 азаматы болған. Олардың ішінде 96 ер адам әскери қатынастарға белсенді қатысқан. Сонымен қатар, қазақстандық арнайы қызметтердің мәліметтері бойынша, 2017 жылы желтоқсанда сирия-ирак аумағында 16 жақса дейінгі 390 бала – 214 ұл және 176 қыз болған.   

Соңғы үш жылда Қазақстан аумағында 30 террористік актінің жолы кесілді: 2014 жылы – 3, 2015 жылы – 4, 2016 жылы – 12, 2017 жылы – 11.

Жыл сайынғы Терроризмнің жаһандық индексіне (Global Terrorism Index) және оның дүниежүзіндегі мемлекеттердің рейтингісіне сәйкес Қазақстан 2018 жылы терроризм деңгейі бойынша 74 орында болды

Рейтинг

     Мемлекет

Индекс

74

Қазақстан

2.22

75

Тәжікстан  

2.23

80

          Қырғызстан

1.71

132

Өзбекстан

0.03

138

Түрікменстан

0.0

 

         Терроризмнің жаһандық индексі әлем мемлекеттеріндегі террористік белсенділіктің деңгейін және белгілі бір мемлекеттердегі террористік қауіптің таралу масштабын қаншалықты екенін көрсетеді.

         Бұл индексті Сидней университетіндегі (Австралия) Экономика және бейбітшілік институтының (The Institute for Economics and Peace) бастамасымен халықаралық эксперттер тобы дайындаған. 2002 жылдан бастап терроризмнің жаһандық индексі эксперттік бағалаудың 43 критерийі бойынша «Шекарасыз репортерлер» ұйымы тарапынан дайындалады.

         Бұл жұмыстың есептеу бөлігін әлемдегі ең ірі сатистикалық база болып табылатын – Мэриленд штаты университеті жанындағы терроризмді зерттеу жөніндегі Ұлттық консорциумның терроризм туралы мәліметтерінің жаһандық базасынан алынған ақпараттың негізінде жасалды, ол жерде соңғы он жыл ішіндегі 100 мыңнан астам террористік актілер туралы ақпарат шоғырланған. 

            Қазіргі таңда еліміздің терриориясында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігімен қатар оның мәдени-өркениеттік және әлеуметтік-саяси құрылысына қауіп төндіретін 27 ұйымның (оның ішінде террористік, экстремистік, оккультті-мистикалық) қызметіне соттың шешімімен тыйым салынған

Қоғамда терроризм және экстремизм көріністерімен белсенді күрес жүргізіліп жатыр. Соңғы контртеррористік операциялар құқық қорғау органдарының терроризммен күресте тәжірибе жинақтағанын көрсетеді. Олар радикалдарды анықтап, қоғамға қарсы жасалғалы жатқан қылмыстың алдын алады.

 Арнайы қызметтердің жұмысы тек антитеррористік операциялар мен террористерді жоюмен шектелмейтінін атап өткен жөн. Терроризмнің алдын алу үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары бірқатар террактілердің алды алынып, радикалды топтар жойылды. Алайда қатер сақталып тұр және де қауіптің ауқымы да алаңдатпай қоймайды, сондықтан мемлектімізде антитеррорлық саясаты жалғаса береді.