Басшылық

«Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры

Тайпин Мади Шойынбекұлы

М.Ш. Тайпин 1988 жылы 7 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында бас маман болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы, Астана қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Nur Otan партиясы Филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталған.


«Діндерді зерттеу орталығы» Директорының орынбасары

Сулейменов Жандаулет Утарбаевич

1988 жылы 11 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2006-2011 жылдары Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ, Заң факультетінің, «Құқықтану» бакалаврын оқыған. 2014-2019 жылдары РФ, Татарстан Республикасы Ресей Ислам институты «Теология» бакалавры бойынша тәмамдаған. 2018-2020 жылдары Алматы қаласы, «Нұр-Мүбара» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» магистры бойынша білім алған. 2019 жылы «Шетелге академиялық мобильді ұтқырлықпен оқыту» бойынша Туркия Республикасы, Стамбул қаласы, «Мармара» университеті, Дінтану факультетінде оқыған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Наср» заң компаниясында заңгер болып бастаған. 2012 -2014 жылдары ҚМДБ Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінде іс басқарушы және ҚМДБ Республикалық «Зекет қорының» Ақтөбе облысы бойынша басшысы болып жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы ММ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ маманы, кейіннен бөлім басшысы қызметін атқарған.

2015-2018 жылдары «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ басшысы болып жұмыс істеген.