Діни фундаментализм мен экстремизмнің өзара байланысы және олардың Қазақстанға ықпалы

Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Саясаттану»  кафедарсының доценті, саяси ғылымдар кандидаты

 

Діни фундаментализм мен экстремизмнің өзара байланысы және олардың Қазақстанға ықпалы

Террористер ұрандарының шынайы дінмен ешқандай байланысы жоқ. Шынайы әлемдік діндер тікелеій эстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмаланған түрлері ғана экстремизмге, терроризмге бой ұрады. Олардың көріністері тарихи деректерден де, қазір де белгілі. Бұған қоса мұсылман және мұсылман емес дүниенің бірін-бірі түсінбеуі де, олардың ара-қатынасын алшақтай түсуі күшеюде. Бұл жағдай американдық саясаттанушы Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» атты болжамына сәйкес келеді. Барған сайын әлемде исламның терроршылдығы, кәпірлермен аяусыз күресте бітіспестігі туралы аңыздар қаптап келеді. 

Фундаментализм  не дегенде, ол ең алдымен мынада: фундаментализм қай дінде болсада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді «бұзылды», оны жақсартамазыз немесе өзге  діндердің «озбырлығынан қорғанамыз» деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік, тіпті террористік әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «фунтаментализм» деген ұғымның өзі Исламның өңін айналдырған сияқты христиандықтың да, Иудаизмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі «фундаментализм» сөзінің төркіні де исламға мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX ғасырдың 20 жылдары кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты христиандық қауым өкілін фундаменталистер деп атай бастағанды. Міне олай болса, фундаментализм тк ислам дініне қатысты қауіпті құбылыс емес. Ол ағым бүкіл әлемде діндердің барлығында кездеседі.

«Фундаментализм» мен «эктремизм» ұғымдары, біздіңше, біріне-бірі жақын. Экстермизм радикалдық оппазициялық ұйымдардың қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі-бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын күштеудің шектен шыққан ең жеккөрінішті түрі. Оның себептері де алуан түрлі.

Қазір «ақпараттар соғысы» нәтижесінде «ислам терроризмі» деген пікір қалыптасып келеді. Шындығында ислам дінінде бүкіл адамзатты оқуға, білімге, ізденіске, ғылым жаңалықтарын ашуға үндейді. Таза жүруге, адал еңбек етуге, бірін-бірі кешірімді болуға шақырады. Ең бастысы, өзіне дейінгі бірде-бір пайғамбарды жоққа шығармайды.

Қорытынды: экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ислам дініне қарсы күрес ретінде жүргізілмеуі тиіс.

Сонда діни негіздегі экстермизм, конфессияаралық төзбестік қайдан шығады? Зерттеулер көрсетіп отырғандай олардың негізінде әлеуметтік және экономикалық, саяс және діни мүдделер қайшылықтары жатыр.

Діни экстермизм мен терроримзмнің Ислам дінімен байланыстырудың өз себептері де жоқ емес. 

  1. Батысқа, Америкаға, Израильге қарсы көңіл күйдің күштілігінде. Оған қоса Батыстың идеологиялық жүйесі өздерінің БАҚ арқылы исламды кінәлі етіп көрсетуге көп күш жұмсайды.
  2. Ислам дінінің тарихында, әсіресе оның алғашқы кезеңінде, әскерилік әдістердің қолданылуы.
  3. Террористердің біразының мұсылман мемлекеттерден шығуы
  4. Ислам дінінің тым саясиландырылуы- Шариғат заңдарының болуы т.с.с.
  5. Өркениеттер қақтығысы Хантингтон: «Бүкіл әлемдегі мұсылман халқының исламдық санасы мен қозғалысының қайта өркендеуі. Мұсылмандардың Батысқа өкпесінің наразылығы, тіпті көреалмаушылығы; бұған Батыстық империализмнің мұсылман дүниесіне үстемдігі де кінәлі, мүсылман елдеріндегі өзара тайпалық, діни, этникалық, саяси және мәдени айрмашылықтарға байланысты күш қолдану реттері, исламдық қайта өрлеудің көптеген мұсылман қауымдастықтарындағы жоғарлығымен сәйкес келуі.

Тағы бір заңды сұрақ туындайды Құдайға сенетіндер неге экстремист болуы мүмкін? Ал мұның себебі,шын сенім емес, соқыр сенімге байланысты екені белгілі. Терең білім арқылы дінге асқан ақыл оймен сенген адам күш қолданудан бас тартады. Діни экстермизм жолына түспейді. Керісенше, күштеуге негізделген діни экстремизм шынайы сенімді, еркіндікті және рухани байлықты жоққа шығарады.

         Адамның террорист болуы оның эмоциялық жарылысына ғана емес, белгілі бір логикаға негізделеді.Мысалы, оның жауабы- террордан бейбіт күнәсіз адамдар өліп жатса, жаудың аты жау, біздің де әйелдеріміз және балаларымыз қорлық көріп, азап шегіп өліп жатыр. Біз неге оларды аяумыз керек?-деген сияқты болып келеді. Сонымен қатар ислам атымен террорға тартылған адам, шын ислам туралы, шала немесе ешнарсе білмейді. Бірақ оның бұл жолға түсуі –бұл дінге белгілі себептермен қызығушылықтың артуында, тіпті ол жөнінде жауынгерлікті уағыздайтын аңыздардың кең таралуында деп қарауға негіз бар.

         Шектен шыққан астам күштерге қарсы фанатизмге айналған кек алуды радикалды экстремизм дейміз. Басқаша айтқанда ол –терроризм.

         Фанатизм (лат. fanatus-мұқалған, қиналған) ұғымды білдіреді. Соқыр сенімге негізделген өзінің ойы мен іс-әрекетін белгелі бір идеяға немесе іске бағытталған адам ешнәрседен тайынбайды. Басқа сенім мен көзқарстарға шыдамсыздықпен қарайды. Өзіне және өзінің іс-әрекетіне сыни көзбен қарау қабілетінен айрылады. Діни фанатизм экстремизмге жетелейтін фактор болып табылады.

         Қазіргі кездегі діни эстермизмнің үлкен базасының бірі –әлеуметтік, саяси және экономикалық қайшылықтар болып табылады.

         Діни фундаментализмнің (ваххабистік идеялардың) Қазақстанға таралу қаупі жөнінде біріне - бірі қарама  - қарсы екі пікір бар.

         1.Қазақстанға діни фундаментализм ешқандай қауіп төндірмейді десе

  1. Қауіптің қатерін аса бағалап, «еліміздегі қазіргі дәни жағдай іргесіне жарылғыш заттарды жинап қойған алып үйдің жағдайымен бірдей»- дейді.

Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші Орта Азиялық мемлекеттермен салыстырғанда біршама ерекшеліктерге ие.

Ең бастысы конфессияаралық татулық пен келісімдер сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқаырылғанымен, зайырлы мемлекет құру бағыты мықтап ұсталынып отыр деп айту ерте. Мемлекет басшысы, үкімет, парламент конфессияларының біреуіне біржақты біржақты басымдық беруге тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің зайырлылығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың, атап айтқанда, белгілі бір дінге басымдық бергесі келетін саяси күштер де жоқ емес.

Қазіргі кезеңде Қазақстан қоғамында діни ағымдар мен діни ұйымдардың қызметтерінің қарқындылығы салдарынан діни жағдай күрделене түсуде. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша мұндай діни жағдайдың туындауы посткеңестік елдерде жиі кездесіп, идеологиялық ұстанымның құлдырауы нәтижесінде пайда болған діни ағымдар мен ұйымдардың құрамына жаппай адамдардың енуімен түсіндіреді. Зерттеушілердің келесі тобы адами құндылықтардың мәнсізденіп, рухани күйзеліске түсуі нәтижесінде тұрақты идеологиялық ұстаным тарап, орнына алуан түрлі діндердің пайда болуымен түсіндіреді

Бүгінгі біздің қоғамымыздың өткір мәселесінің бірі – діни экстремизм мен терроризм проблемалары.

Сондықтан да бүгінгі Қазақстандағы экстремистің портреті жалпы кескінінде мынадай: шетелден келген идеялық бағдарларды қабылдаған және де идеологиялық манипуляция елегінен өткен 20-30 жастағы адам. Бұған әлеуметтік түйткілдер шоғырын да қосқан жөн. Өйткені барша адам субъективті яки объективті себептерге байланысты өмірден өз орнын, яғни, Ұлы Абай айтқан, «дүниеден өз кетігін тауып, кірпіш болып қалана» алмауы мүмкін. Бәлки оларға университетке оқуға түсіп, жоғары жалақылы қызметке тұру қол жетпес арман шығар? Осыдан да бірқатар әлеуметтік игіліктерден шеттетілгендей болып жүрген жас өзіндік бір реваншқа бой ұруы ықтимал. Бұл мақсатына жету үшін ол қандай да бір ықпалды топтың немесе қоғамдық күштің мүшесі болуға ықылас білдіреді. 1990-жылдары жастардың қылмыстық топтарға кіруге ұмтылғаны есімізде. Кейіннен бұл сәннен қалды, тіпті маңызды болмай қалды. Ал бүгінгі маргиналдық қуатты сыртқа шығарудың бір арнасы -  діни экстремизм.

Экстремист десе жұрт сақалы қауғадай, балағы шолақ, соңынан хиджаб киген қыз-келіншек ерткен жігітті елестететін болды. Мұны экстремистің әлеуметтік портретін құрайтын образға жатқыза  аламыз ба?   

Бір жағынан алып қарағанда, діни негізі бар сақал мен жамылғы мәселесі - әркімнің жеке шаруасы. Айтпақшы, бұл тек исламға ғана тән ерекшелік емес. Біз сақалды православ христиан мен басын бүркеген христиан әйелдерін де кездестіре аламыз. Осы себепті де сақал мен киімді нақты бір құбылыстың белгісі деуге болмайды.

Бұған қоса, экстремистік мақсаттағы адам жұрт санасында қалыптасқан образдан қашып, әдейілеп сыртқы кейіп келбетін өзгерте салуы да мүмкін. Осылайша, зайырлы қоғамдастыққа тастай батып, судай сіңіп, өзінің көздеген мақсаттарын індетіп жүре беруі мүмкін. Алыс-жақын шетелдердегі радикалдар баяғыда-ақ осы тактиканы басшылыққа алған, бізде де олар кейінгі кезде осы әдіске көше бастады.

Киім таңдаудағы діни мотивацияны, айталық, мемлекеттік қызметте немесе жалпыға білім беру мектептерінде жүзеге асыруды орынды деп айту қиын. Бұл — зайырлы және көпконфессиялы болып табылатын Қазақстанның осы шақтағы шындығы. Сондықтан да баршаға ортақ қандай да бір бейтарап стандарт керек. Әр алуан дін өкілдерінің өзіндік діни танымдарына сәйкес жұмысқа, мысалы, әкімшілік пен емханаға әлем-жәлем болып барғанын елестетіп жатудың өзі қиын.

 Зерттеулер көрсетіп отырғандай, шынайы дінде экстермизмге орын жоқ. Бірақ белгілі бір саяси күштер террорлық актілерді ислам дінімен байланыстыруға тырысады. Оның терең тамырлары жоқ еместігін мақаламызда көрсеттік. Оның бір тамыры – мұсылман дініндегілердің Құранды әртүрлі түсінуінде және түсіндіруінде болып отыр. Ең сорақысы «жихад» ұғымы өрескел бұрмаланып отыр, экстремистер жихадты  соғыс, террор деп түсіндіруде. Ал шынында, жихад құдай жолында «үлкен күш салу», яғни, исламды тарату мен қорғау ұғымын білдіреді. Қожа-Ахмет Яссауи жихадты адамның өз ішінде жақсылық пен жамандықты айыру үшін күрес деп түсіндірген. Ол бойынша, жихад басқаға қарсы соғыс ашу, қайта әрбір адамның өз кемшіліктеріне қарсы  және жетілуі үшін күрес. Бұл ретте айтарымыз, әртүрлі топтардың өз мақсаттарына жетуі үшін-исламдық канондарды әртүрлі саққа жүгіртіп, ислам плюрализмін өз мүдделері үшін пайдалануда. Осы салада тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, дін саласы мамандары - экстремистер мен радикалдардың идеологтарына сауатты әрі  қарсы тұра алатын еліміздің  бірден- бір категориясы үлкен іс-шаралар атқаруда. Күрделі жұмыстың еліміздің тұрақтылығы үшін жемісті боларына сенім мол.