ОРАЗА ҰСТАЙТЫН АДАМ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

Мұсылмандардың Рамазан айында ораза ұстауы - таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтан, сусыннан және жыныстық қатынастан тыйылуды білдіреді. Содан кейін мұның барлығы рұқсат етіледі. Сонымен бірге, оразаның рухани мазмұнына жауапкершілікпен қарау керек. Яғни, Жаратқан Иеге құлшылық ету және Оның әмірлерін орындау - ол белгілі бір игіліктерден уақытша айырылу.

Ораза диета емес, ең алдымен ораза - Аллаһ Тағалаға құлшылық ету және рухты тәрбиелеу. Бірақ Алла Тағалаға құлшылық етумен бірге денсаулығыңызды да жақсартып алуыңызға мүмкіндік бар. Өйткені бұл құлшылықтың түрі, денсаулыққа да оң әсер етпей қоймайды. Сонымен қатар, ораза айында момын мұсылмандар тарауық намазын көпшілік болып, бірге оқиды. Олар бұл айда күн сайын Құран немесе оның мағыналарының аудармасын оқиды, осы айдың ішінде зекеттерін беруге тырысады, көптеп дұға жасап мінажат етеді, адамдармен қарым-қатынас орнатып, ренжіскендермен татуласады, бір-біріне қонаққа барады, дәм тұзымен  бөліседі, басқаларға көмектеседі, және т.б. ізгі амалдарды атқарады. Тамақтан, сусыннан және ерлі-зайыптылық жыныстық қатынастан (парыз үкімінде) міндетті түрде бас тартуға қарағанда, мұның бәрі құптарлық амалдар.

Осыған орай, алғаш ораза ұстаушыларға арналған білу керек ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік. 

2024 жылы Рамазан оразасы қашан басталады?

Рамазан айы 2024 жылы 10 наурызда күн батқан күйі кешке басталады. Бірінші тарауық намазы да мешіттерде 10 наурызда оқыла бастайды. Оразаның бірінші күні 11 наурызда басталады. Оразаның соңғы күні 9 сәуірде аяқталады. Соңғы тарауық намазы 8 сәуірде оқылады. Рамазан айының басталуына байланысты, жаңа айдың басталу күніне қарай, түзетулер енгізілуі мүмкін. Сондықтан ораза ұстаушыларға жергілікті ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) діни ұйымның пікіріне тоқталған жөн.

Кім ораза ұстауға міндетті?

Оразаның мұсылмандарға парыз болатын шарттары:

- балиғат жасына жету;

- ақыл есі дұрыс болу;

- ораза ұстаушының денсаулығы жарамды болуы;

Рамазан айында күнделікті күнде оразаны қалай ұстау керек?

Таң атқаннан (таң намазының басталу уақыты) күн батқанға дейін (кешкі ақшам намазының басталуына дейін). Осы уақыт ішінде ішуге, тамақ жеуге және жұбайыңызбен жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Демек, ақшам намазы уақыты кіргеннен бастап, таң намазына дейін (кешкі және түнгі уақыт аралығында), аталмыш тыйымдар рұқсат етіледі;

Ораза ұстаушының сәресі мен оразаға ниет?

Ораза ұстаушының сәресі (сухур) – Рамазан айындағы ораза кезіндегі таң намазы уақыты алдындағы ауыз бекіту (тамақты ішіп-жеу).

Ниет - Раббының әмірін орындау мақсатында, жүректе ораза ұстауға шешім қабылдау. Ниеттің орны жүрек, бірақ ниетті ауызша айтуға (білдіруге) болады.

Ниет айту (білдіру) нұсқасы: «Ниет еттім Аллаһ Тағала ризалығы үшін таңнан кешке дейін рамазан айының оразасын ұстауға». Немесе ҚМДБ – ның ресми сайттарының нұсқаларын қолдануға болады. Өз еріктерімен арабшасын немес қазақшасын айтсаңыз болады.

Ауыз ашар (ифтар) – Рамазан айының ораза кезіндегі кешкі асы. Ауыз ашар алдында дұға жасауменен бастағаны жақсы.

Дұға жасау нұсқасы: «Иә Аллаһ Тағала, Сен үшін ораза ұстадым, саған ниет еттім, саған сендім. Сенің берген несібеңмен ауыз аштым. Ертеңгі күннің оразасына да ниет еттім. Біздің өткен біліп те, білмей істеген күнәларымызды кешіре көр». Немесе ҚМДБ – ның ресми сайттарының нұсқаларын қолдануға болады.

Таң сәресіне ұйықтап қалсам, сол күнгі ораза ораза болып санала ма?

Таң сәресінде ас жеу өте қажет. Егер сіз сәресіне ұйықтап қалсаңыз, бірақ сіз ұйықтар алдында келесі күні ораза ұстауды жоспарласаңыз (ниет етсеңіз), ұйқыдан тұрғаннан кейін сіз әдеттегідей оразаңызды жалғастырай бересіз. Таң сәресінде тамақ ішпегеніңіз үшін алаңдамаңыз. Оразаңыз бұзылмайды.

Ораза кезіндегі тыйымдары, оны бұзатын жағдаяттары мен қазаларының өтелінуі ҚМДБ-ның ресми сайттарынан білуіңізге болады.

Арман Нұрахметұлы,
Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» исламтанушы-лекторы