Әлеуметтік желідегі және Интернеттегі зұлымдық

Бүгінгі таңда радикалдардың әсіресе Интернет, әлеуметтік желілер арқылы таратқан жалған уағыздарының ақпараттық әсерінен көптеген адамдар сананың деформациясына ұшырауда, олардың аздаған пайызында мемлекетке деген әлеуметтік сенімі төмендеп, патриоттық пен ынтымақтастық сезімдері жойылып, құндылық туралы түсініктері мен этикалық нормалары өзгеріде. Осылайша, радикалды топтардың идеологтары қоғамда, дінге сенушілер арасына жік түсіруге тырысуда.

Радикалды топтар дін мен оның құндылықтарын жамылып, дінді өздерінің саяси мақсаттарына пайдалана отырып адамзат қоғамында жеккөрушілік пен араздықты тудыруда, әлемде зорлық-зомбылық орнатуда.

Бүгінгі таңда Интернет және әлеуметтік желілер осы радикалдардың қолындағы қуатты құралға айналды. Әсіресе бұл жағдайда ең осал топ –  жастар.

Деструктивтік ағымдар идеологиясының алдында жастардың әлсіз болуы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың болуынан және өмірлік тәжірибенің жоқтығынан, сыни қабылдаудың төмендігі және т.б. Сондықтан жастарымызды зорлық-зомбылық экстремизм идеологиясына қарсы тұруға бағыттап, зұлымдық әлеуметтік желілерде және Интернет кеңістігінде жасырынып отыруы мүмкін екендігін ескертуіміз қажет.

Осыларды ескере келе, қазіргі таңда Қазақстанда да әлеуметтік желілерді бақылауға алу мәселесі өзекті болып отыр.

ИГИЛ («Ирак және Леванттың Ислам мемлекеті) және аль-Каеда сияқты экстремистік және террористік топтардың құрамына кіру, сондай-ақ Таяу Шығыстағы («араб көктемі» деп аталатын) революциялық оқиғаларға қатысу сияқты үгіт-насихаттар Қазақстан үшін қауіпті болуы мүмкін.

Осылайша, 2013 жылы Ресейдің екі азаматы, Астраханьнан шыққан Шамиль Измайлов (өзіне «Абу Ханиф» деп ат қойған) және Дагестанның тумасы Магомед Абдурахманов («Абу Банат») Түркиямен шекаралас жатқан Алеппо қаласының батысындағы таулы өңірде орналасқан Машхад Рухин Сирия ауылын басып алған. Олар «Джамаат Абу Ханифа» (ИГИЛ-дің террористік тобындағы) қарулы жасақ дайындаған. Бұл ауылда олар тәуелсіз халифат» және әлеуметтік желілер арқылы бұрынғы кеңестік елдердің азаматтарын Сириядағы террористік лаңкестіктерге қаржы беруге, сонымен қатар «джихадқа» қатысуға шақырған.

Сондай-ақ 2011 жылдың 11 наурызында Сауд Арабиясының блоггерлері басқа көптеген араб елдерін үлгі ете отырып, «Қаһар күнін» белгілеп, жергілікті режимге қарсы тұруға әрекет жасады. 2011 жылдың наурыз айының бас кезінде бұл топтың 17 мың жазылушысы болды.

Алайда тұрақсыздандырудағы бұл әрекет тез және сәтті түрде жойылды. Революция қарсаңында Сауд Арабиясының королі Марк Цукербергтен Facebook-ті үш есе бағаға сатып алуға тырысқаны белгілі, бұл жанама түрде болса да, КСА билігінің жоспарланған тәртіпсіздіктер туралы хабардар болғандығын көрсетеді.

Осыларды ескере келе, мұндай интернет-технологияларға қарсы тұрудың шетелдік тәжірибесін мұқият зерделеу қажет. Бұл мәселені тиімді шешкендердің қатарында Қытай мен Ресей сияқты ірі елдер бар.

Өздеріңіз білетіндей, Қытайда көптеген шетелдік ресурстар, мысалы, Facebook, Twitter, YouTube, жартылай Википедия бұғауланған. Олар оның орнына келесі әлеуметтік желілерді табысты қолданады:

  • Sina Weibo – Twitter’а қытайлық баламасы;
  • Tencent QQ – Қытайдағы хабарлама алмасудың негізгі және танымал түрі;
  • Renren –Facebook’а қытайлық баламасы;
  • Qzone – әлемде Facebook’а және YouTube-тен кейінгі үшінші орында, және т.б.

Басқаша айтқанда, ҚХР шын мәнінде сыртқы әлемге тәуелсіз өз интернет кеңістігін құрып, ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін жасап шығарды.

Ресейде осындай проблема көп жағдайда әлеуметтік желілердің басшылығында билік өкілдерімен байланыстағы адамдардың болуымен шешіледі.

Мысалы, Ресейдегі танымал ВКонтакте желісінің акциялардың бақылау пакеті (51,99%) Mail.ruGroup Алишер Усмановқа тиесілі (миллиардер, В. Путиннің отбасылық досы). Екінші ірі акционер (48%) – Илья Щербович(«Роснефть», «Транснефть», «Федеральная сетевая компания» сияқты директорлар кеңесінің құрамыга кіреді; ресейлік биліктің элтиасымен тығыз қарым-қатынаста).

Біздің жағдайда әлемдегі көптеген елдер сияқты, экстремистік бағыттағы мұндай электронды ресурстардың көпшілігі Қазақстанның аумағынан тыс жерде. Шын мәнінде, көптеген тәуелсіз елдерге қарсы ашық ақпараттық соғыс жүріп жатыр, ал біздің азаматтарымыздың радикализациясы мен қақтығыстары негізінен осы сыртқы әсердің тікелей нәтижесі болып табылады.

   Көріп отырғанымыздай, радикализмнің идеологтары әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін өз мақсаттары үшін белсенді қолдануда. Бүгінде бұл зұлымдық біздің азаматтарымызға, әсіресе жақсы мақсаттар түрінде жасырын түрде жетуі мүмкін. Алайда осындай игі істерді насихаттаудың артында теріс пиғылды әрекеттермен басшылық жасайтын адамдар тұрады.