ҚР дін саласындағы заңнамалық актілердің рөлі мен маңызы

Қазақстанның конфессиялық алаңының құрылымы келесідей күйде. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада 18 конфессияға жататын 3658 діни бірлестік пен олардың филиалдары тіркелген.  Саны жағынан ең көбі ханафи мәзхабы мен праволавтық сенім. Сондай-ақ католиктік, протестанттық шіркеулер, иудаизм, буддизм, кришна қауымдары мен  ғибадатханалары бар.

Республикада 3464 ғибадат ету үйі бар. Оның 2550-і мұсылман мешіттері, 294-і православ, 109-ы католик шіркеуі, 495-і протестанттық, 7 иудаистік синагога, 2 буддағ 7 «Кришнаны тану қоғамы» және Бахаи ғибадатханасы.   

Көріп отырғанымыздай соңғы жылдары Қазақстанда халықтың діншілдігінің өскені байқалады. Бұл елдегі діни ахуалдың сапалы жылжуына әкелген.

Сонымен қатар дін саласында күні бүгін біркелкілік жоқ. КСРО құлағаннан кейін Қазақстанда діннің (оның ішінде исламның) жаңғыруы халықтың басым бөлігінің діни сауатсыздығы себепті фрагментті әрі жүйесіз сипатқа ие болды.

Соның нәтижесі ретінде қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның мозаикалық конфессиялық құрылымы қалыптасты.

Сондықтан діншілдік пен оның мозаикалығының сапалы өсуі шарттарында объективті түрде заңнамалық реттеу қажеттігі бар. Әсіресе мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасы мәселесінде.

2005 жылдан бастап (Дін істері жөніндегі комитеттің құрылуы) және 2004 жылғы Ташкенттегі терактілерден кейін, сондай-ақ 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның қабылдануынан кейін мемлекеттік органдардың реттеушілігі күшеюде.

Заң тәртібінде діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық кодекспен және 2011 жылғы 7 қыркүйекте Мәжілістің жұмысына қабылданған және 21 қыркүйекте қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңмен регламенттеледі.

Біздің тәуелсіздігімізге қатер төндірген басқа мәселе аймақтың геосаяси ойынында сыртқы факторлардың сенімді құралы болған күштік экстремизм мен халықаралық терроризм тарапынан келген қауіп-қатер болды.

Бастауын 2011 жылы алған Қазақстандағы исламдық экстремизмнің дамуынан экстремистердің террорлық күрес әдістеріне, билікпен қарулы күрес фазаға ауысып жатқанын көрсетеді. «Қазақстандағы терроризм – 2011-2012 жылдар» баяндамасының авторлары 2011 жылғы мамырдан 2012 жылдың күзіне дейін 14 теракт жасалып, олардың 70 адамның өліміне (6 – азаматтық тұлға, 13 – күштік құрылымдардың қызметкерлері, 50 – терроршылар) әкелгенін айтады.

2016 жылы Ақтөбедегі терактілер аса ауыр болды. Терактіге негізінен жастар қатысқан. Сондай-ақ сол жылы Алматыда жалғыз адам жасаған теракт көңілге қаяу түсіреді.

Террорлық актілер негізінен құқық қорғау жүйесіне, соттарға, түзету мекемелеріне қарсы бағытталған және негізінен жарылыс, оның ішінде өзін өлімге қиған терроршылар арқылы жарылыс жасау жолдарымен жүзеге асырылған. «Халифат сарбаздары» (Джунуд әл-Халифат), «Дін қорғаушылары» (Ансар-уд-дин), «Бейбарыс батальоны» және т.б. жаңа террорлық құрылымдар пайда болды. Қазақстандық экстремистер мен терроршылар өздерінің идеялық бастауын исламның «тәкпіршілдік» бағытынан алады.

Сондықтан бұл жағдайлар мемлекеттің күштік экстремизм мен халықаралық терроризммен күрес бойынша заңнамалық нормаларды қабылдау арқылы бақылау функцияларын күшейтуіне объективті түрде ықпал етті.

Бүгін терроризммен және экстремизмен күрес саласындағы ұлттық заңдар сатылай жетілдірілуде. 1999 жылдан бастап Қазақстанда «Терроризммен күрес туралы» заң, Қазақстан Республикасы Президентінің 10.02.2000 ж №332 «Терроризм мен экстремизм құбылымтарының алдын алу және жолын кесу шаралары туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.01.2007 жылғы №70 «Діни сараптама жасау ережелерін бекіту туралы» Қаулысы қолданылып келеді.

2005 жылдың ақпанында «Экстремизмге қарсы күрес туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамалық актілер қабылданды. Олар саяси, ұлттық және діни экстремизм құбылыстарымен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерінің заңдық тұрғыдан нығаюына ықпал етті.

2016 жылы Қазақстанда болған терактілер мемлекеттің күштік экстремизм мен терроризмге қарсы тәжірибелік шараларын жүйелі және кешенді түрде күшейтуінің жаңа кезеңінің басталғанын білдірді. «Кейбір заңнамалық актілерге кстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Ол қоғам мен сарапшылардың кең тақылауына шығарылып, 24 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді қарастырды. Негізгі үш нәрсеге баса көңіл бөлінді: қару-жарақ айналымына бақылауды күшейту, ішкі көші-қон мәселелерінің терроризмімен байланысты қылмыс жазасын қатаңдату. Сондай-ақ діни қатынастарды реттеу мақсатында «2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» қабылданды.

 Көріп отырғанымыздай ҚР дін саласындағы заңнамалық актілердің рөлі мен маңызы біздің тұрақтылығымыз бен қауіпсіздігіміздің негізі әрі маңызды болып табылады.

Діни дәстүрлерді, шаралар мен жиындарды өткіщу туралы нормаларды бұзғаны үшін немесе діни әдебиет пен діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. жеке тұлғалар 50 АЕК мөлшерінде, ал заңды тұлғалар 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, қызметі 3 айға тоқтатылады.

Тіркемей немесе қайта тіркемей миссионерлік қызметті жүргізгені үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал шетелдіктер Қазақстан аумағынан шығарылады.

Мысал үшін 2017 жылы Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни қызмет саласындағы заң бұзушылық үшін 23 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 970 750 теңгені құраған. Олардың арасында 10-ы әдебиет таратқаны үшін, 6-ы ел аумағында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ағымының миссионерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін, 2-і «Иегово куәгерлері», 1-і исламның шииттік бағытының өкілі, төртеуі заңсыз құлшылық үшін.

  Заңнамалық актілерге реакцияға қатысты тақуалардың, әсіресе қалыпты және радикалды көзқарастың ортасындағы мұсылмандардың реакциясы белгісіз.

Мұсылмандардың үнсіздігі ақпараттандырудың жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Қарсылықты жергілікті және конструктивті ағынға салуға ықпал ететін либералды механизмдер қажет.

Тақуалардың жаппай қарсылық білдіру қаупі төмен: діни қауымдар ұйымдастаған және саяси тұрғыдан бәсең. Дін саласын қатаң регламенттеудің мүмкін салдары ашуландыру, халықтың жекелеген қарсылықтары мен ашуы болуы мүмкін.

Кез келген жағдайда күні бүгінге дейін формальды бейтараптылық сақтаған мемлекет жаңа ережелерді шығара бастаса билік қарсылықтың жергілікті және конструктивті ағынға ауысуына ықпал ететін механизмдер туралы ойлауы керек. Мұнда тақуалардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға ықпал ететін құқық қорғау ұйымдары маңызды рөл атқарады. Олар тым болмаса полицейлермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсіндіреді. Заң жобасы қабылданған жағдайда құқық қорғаушылар ДІАҚМ басшысы айтқандай сақалды және балағы қысқа киім киген адамдарды ұстап, жұмыс жүргізуге міндетті болады. Консультация алу үшін мұсылман адвокаттар ассоциациясын ұйымдастыру артық болмайды.

 

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы