1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Жыл сайын жаздың бірінші күні бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке әрқашан сыңғырлаған күлкі мен көтеріңкі көңіл-күйге толы.

Мемлекеттің және қоғамның басты міндеті - балаларымызды ақылды, әдепті, білімді етіп тәрбиелеу. Біз олардың дені сау және бақытты болуы, лайықты білім алуы және Өмірде өзін табуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Сәбилерімізге бақытты балалық шақ тілейміз, әрқашан ата-аналары жандарынан табылсын. Еліміз тыныш, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!