2023 жылдың 12-27 тамызы аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚМДБ Астана қаласының өкілдігі көмегімен Діндерді зерттеу орталығы елорда жамағаты арасында футболдан турнир ұйымдастырды

2023 жылдың 12-27 тамызы аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚМДБ Астана қаласының өкілдігі көмегімен Діндерді зерттеу орталығы елорда жамағаты арасында футболдан турнир ұйымдастырды. Іс-шараның жалпы мақсаты жамағат арасында өзара сенім мен құрмет атмосферасын құру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бауырмашылық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Аталмыш турнирге қала жамағаттарынан құралған 32 команда қатысты. Шамамен 3 аптаға созылған турнирде 32 командадан озат болып:

1 орынды: Pro Sport

2 орынды: Көкпарсай

3 орынды: Сұлтан

4 орынды: Қара шаңырақ командалары иеленді.

Іс-шараға арнайы ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Жандос Хабибулла қатысты. Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов турнир қатысушыларына «спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жамағат арасында азаматтық бірегейлікті, ұлттық сананы оятуға септігін тигізетінін»- атап өтті. Сондай-ақ, Басқарманың бөлім басшысы Жандос Хабибулла қатысушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. Іс-шара соңында жеңімпаз командаларға

1 орынға 200 000 тг,

2 орынға 150 000 тг,

3 орынға 100 000 тг,

4 орынға ынталандыру мақсатында 50 000 тг, қосымша ҚМДБ тарапынан қатысушыларға Бас мүфти мен ғалымдардың кітаптары таратылды.