5 млн. қаралым жинаған фильмнің жалғасы шықты

«Жұмақ: жаза және кешірім» қысқаметражды көркем фильмінің шығармашылық тобы: идея авторы, сценарийін жазған Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов пен режиссер Серік Таласов "FILMFAN" бағдарламасына қатысты.

"Жұмақ" фильмінің 1-ші бөлімі көпшілікке 2021 жылы жол тартқан болатын. Идея авторының айтуынша, бұған дейін тәрбиелік мәні зор фильмдер түсіріп жүрген Серік мырзаны фильм түсіруге көндіру қиын болған. Режиссердің өзі "дін тақырыбы - қылыштың ұшындай өткір дүние, оның үстіне бұл тақырыптың маманы болмағандықтан қашқақтадым", - дейді.

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Ютубтағы Elorda din арнасында (https://youtu.be/n2gckYEb0MM) 1.7 млн., ал басқа әлеуметтік желілерде 5 млн. қаралымнан асқан фильм қоғамда резонанс тудырады.

"Көрермен тарапынан жалғасын түсіру туралы келген ұсыныстар саны өте көп болғандықтан, оның үстіне әкімдік басшылығы тарапынан қолдау тапқан соң, түсіруге бекіндік",- дейді басқарма басшысы Нұрдәулет Иманәлиұлы.

Фильмнің 2-ші бөлімі - «Жұмақ: жаза және кешірім» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері елордада 18 мамыр күні өтті. Фильм діни теріс ағымға түсіп, өмірі теріс жаққа қарай кеткен Әли есімді жігіттің тағдырынан сыр шертеді.

Бағдарламаның толық нұсқасын төменнен тыңдай аласыз.