«АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ САҒАН, ТУҒАН ЖЕР!» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында 2024 жылдың
5 наурызында Достық үйінде Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы «Алғысым шексіз саған, туған жер!» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының құндылықтарын дамыту тұжырымдамасын құру, діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара сыйластық пен толеранттылыққа қол жеткізу, жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықтар бірлігін қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту және өскелең ұрпақ арасында дәстүр құндылықтарын қалыптастыру, халық бірлігін сақтау, қоғамдағы дәстүр институтын нығайту және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.

Дөңгелек үстел барысында ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы сөз сөйлеп, осындай айтулы мерекеге жиналғанға алғысын білдірді.

Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы: - Көктемнің бірінші күніне орай бұл күннің басты мазмұны - қазақ халқына көмек пен игі істер үшін алғыс айту. Діни және басқа да айырмашылықтарға қарамастан, басқа этностардың өкілдерін алшақтатпаған қазақтардың шексіз мейірімділігі мен жүрегінің кеңдігін ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы, Успен Кафедралды Соборының ключарі Дмитрий Байдек, «Астанадағы Қасиетті Мәриям Рим-католиктік Архиепархия» шіркеуінің архиепископ-митрополиті Томаш Бернард Пэта, «Інжілдік-Лютеран шіркеуінің» Архиепископы Новгородов Юрий Тимофеевич, «Астана қ. Еврей діни қауымдастығы» ЖДБ басшысы Карнаух Шмуэль бұл күннің еліміздің барлық діндері, барлық конфессиялары үшін қаншалықты маңызды екендігі айтылып өтті.

Негізгі баяндамалардан кейін Астана қаласы Бахайлар қауымдастығының халықты ақпараттандыру кеңсесінің директоры Янгалиева Ляззат Музамедьянқызы сөз сөйлеп, жиналғандарды күймен қуантты.

Қатысушылардың барлығы осындай іс-шаралардың ерекше құндылығын атап өтіп, өткізілген дөңгелек үстелге ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында қатысушылар естелікке фотосуретке түсті.