Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Астана қаласында арнайы жиын өтті

Семинарға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров сондай-ақ, мешіт имамдары қатысып, Рамазан айында атқаралатын іс-шаралар жоспарын айтып өтті.

Сондай-ақ, семинар барысында Орталық пен Астана қаласының өкілеттілігі арасында ағымдағы жылда атқарылатын жобалар мен іс-шаралар талқыланды.