Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы дінтану мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды

Іс-шара елордалық №59 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының интернеттегі деструктивті діни ағымдардың парақшаларына жазылуының алдын алу, құмар ойынға тәуелділік, буллинг және балалардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу мәселесін көтеру болып табылады. Іс-шара барысында директорларға, директорлардың тәрбие работе жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтар мен мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс істеудегі негізгі проблемалық мәселелер және олармен осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігі айтылды.

Қатысушылар үшін елордалық Дін істері басқармасының басшысы Қ.Ж. Көшқалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Қ. Халым, ҚР Өнер академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.О. Абсеметов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты К. Тышхан., психолог, дін мәселелері бойынша сарапшы Ж.Х. Жанабергенова, ҰҚКД ТҚО өкілі А.Жұмағалиева, сондай-ақ Дін істері басқармасының бас маманы  А. Романова сөз сөйледі.

Қазақстан аумағындағы діннің тарихи шығуына, деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану тәсілдеріне, қарсы насихаттау жұмысының өзектілігіне және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікке, сондай-ақ психология тұрғысынан өзекті проблемалық мәселелердің себептеріне ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, бұл семинар елорда әкімдігімен жыл сайын ұйымдастырылады.