АСТАНА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті достар!

Сүйікті қаламыз – Астана күні құтты болсын! Астана- Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулеті жарасқан, бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі!

Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналып, одан әрі гүлдене берсін! Қазірдің өзінде көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырған оның ертеңгі болашағының да зор болары күмәнсіз.

Осындай атаулы күні баршаңызды мерекемен құттықтай отыра, еліміздің еңсесі биік болып, бейбіт заман мен амандық тілейміз!