ҚАЖД ҚАРАСТЫ РММ №3 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ КІТАПХАНАСЫНА ДІНИ КІТАПТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Діндерді зерттеу орталығының мамандары бекітілген жоспарға сәйкес Астана қаласы ҚАЖД қарасты РММ №3 түзету мекемесі кітапханасына  діни кітаптар табысталды.

Сотталушылардың бұған дейінгі өтінімі негізінде түзету мекемесіндегі кітапханаға еліміздегі соңғы жылдары жарық көрген діни мазмұндағы орыс және қазақ тіліндегі кітаптар берілді. Алдағы уақытта өзге де түзету мекемелеріне кітаптарды үлестіру ісі жалғасады.