ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТӘЖІКСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Тәжікстанның мемлекеттік орган өкілдері Астанаға қазақстандық әріптестерінен қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту және қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға келді.

Бүгін делегация өкілдері Діндерді зерттеу орталығына келіп, жұмыс барысымен танысты. Орталық мамандары қонақтарға «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралған азаматтармен жүргізілген реабилитация және дерадикализация бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Еске сала кетейік, Тәжікстан үш кезең бойынша халықаралық ұйымдардың көмегімен таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан 400 азаматын қайтарған болатын. Сол себепті, бұндай кездесулердің маңызы жоғары деп есептейміз.