ЕЛОРДАДА ДІН САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2023 жылғы 19 шілдеде Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлының төрағалығымен қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу және зайырлылық идеологиясын ілгерілету мақсатында Дін істері басқармасы және Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп дайындаған кітаптар таныстырылды.

Іс-шара аясында қатысушылардың назарына бес кітап ұсынылатын болады. Бірінші кітап – белгілі қазақстандық дінтанушы Трофимов Яков Федорович және дін істері басқармасының басшысы Әлмұханов Нұрдәулет Иманалиұлымен бірлесіп жазған «Елорданың діни нысандары» атты еңбек.

Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Діни экстремизм: Ғылыми-тәжірибелік аспектілер» атты кітаптың авторы белгілі қазақстандық теолог Жандаулет Отарбайұлы Сүлейменов. Бұдан бөлек исламтанушы, PhD доктор Исатай Тургалиұлы Бердалиевтың «Әл-Ихтияр», «Фиқһ үкімдерінің усулдегі дәлелдері» және «Деструктивті діни ағамдардан бейімдеу және оңалту жөніндегі халықаралық орталықтардың тәжірибесін зерделеу бойынша әдістемелік құрал» атты үш еңбек ұсынылды.

Тұсаукесерге Астана мәслихатының Төрағасы Каналимов Ерлан Ермекұлы, Дін істері комитетінің Төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы, елорданың діни бірлестіктерінің басшылары, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.