ЕРМЕНТАЕВ АЯН БАУЫРЖАНҰЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ерментаев Аян Бауыржанұлы Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды.

Аян Бауыржанұлы еңбек жолын 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жастар саясаты орталығының, спорт және мәдениет бөлімінің басшысы қызметінен бастады. Әр уақытта спорт және мәдениет бөлімінің басшысы, «Нұр» филиалының «Жас Отан» ЖҚ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Аян Бауыржанұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы лауазымын атқарды.