Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 

Құрметті отандастар! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  

Наурыз мейрамы - Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады. 

Наурыз мейрамы құтты болсын! Бұл мереке сіздерге шуақты күндер мен жағымды сәттер сыйласын. Шаңырақтарынызға құт-береке төгілсін, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыларыңызға- амандық, денсаулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз!